«Ойы ауып, жын кірген»:. Белгілі журналист Атыраудағы трагедияға қатысы тосын дерек айтты
Атырау облысында қоғам назарын аудартқан қылмысқа байланысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Күдіктінің жұбайы Ақбаян - 30 жаста, бес баланың анасы. Ол кенже сәбиін өткен жылы дүниеге әкелген. Туыстарының айтуынша, жүктілікке дейін Ақбаян бірнеше рет ота жасатып, денсаулығы айтарлықтай әлсіреген.
Марқұмның әпкесі Әсилә Мұқанғалиеваның сөзінше, бесінші баласын босанғаннан кейін Ақбаянның психологиялық жағдайы күрт өзгерген. Ол босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырап, жүйкесі сыр берген.
«Жүктілікке дейін бірнеше рет операция жасатты, денсаулығы жақсы болған жоқ. Бесінші баладан кейін мінез-құлқы өзгеріп, қатты күйзеліске түсті. Өте шаршаған еді, жүйкесі әбден тозған. Бір нәрсе айтсаң, басқа жаққа ойы ауып кететін. Күннен күнге жағдайы қиындап, өзін-өзі ұстай алмай қалды. Күйеуі оны жын кірді деп ойлап, түрлі емшілерге апарып жүрді. Біз де бастапқыда іздемедік, емге кеткен шығар деп ойладық… Бұл - өте ауыр жағдай», - деді Әсилә көз жасын тыя алмай.
Айта кетейік, жарияланған бұл мәліметтер аталған қылмыстың мән-жайын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0