Өзбекстанда аттракцион қирады: Зардап шеккендер ішінде ел азаматтары бар

Сәуір 17, 2024 - 17:09
Сәуір 17, 2024 - 17:10
Өзбекстанда аттракцион қирады: Зардап шеккендер ішінде ел азаматтары бар
Фото: Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті

Өзбекстанда Bolajon саябағында орындықтардың сынуы салдарынан төрт адам «Весёлые горки» аттракционынан құлап кетті. Зардап шеккендер, оның ішінде екі кәмелетке толмаған балалар ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында екі Қазақстан азаматы да бар, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Сәуірдің 16-сы күні Сурхандариядағы Bolajon саябағында аттракционнан төрт адам құлап, жарақат алды, деп хабарлады Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі. Фотосуреттерден орындықтардың аттракционның қозғалатын бөлігінен бөлінгенін аңғаруға болады.

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтың Gazeta.uz сайтына хабарлауынша, жарақат алғандар арасында Термез қаласының екі тұрғыны – 15 жастағы Ш. және 27 жастағы З.О., сондай-ақ Қазақстанның екі азаматы - 29 жастағы О.Қ. 11 жасар қызы А.Б бар.

Түпроккургон махалласындағы Хаким Ат-Термизий көшесінде орналасқан саябақ «Термиз авеню паркі» серіктестігіне қарайды.

Тау-кен, геологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау инспекциясының қызметкерлері тексеру жүргізіп, келесі заң бұзушылықтарды анықтады:

  • аттракцион маусым алдында толық техникалық сертификаттау сынақтарынан өтпеген;
    аттракционды дайындауға және техникалық байқауға ұсынуға жауапты тұлғалар тағайындалмаған;
    аттракционның маусымға дайын екендігін көрсететін құжат берілмеген.

Оқиғаға қатысты Термез қалалық ІІБ тергеуге дейінгі іс-шараларды жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow