Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Желтоқсан 4, 2024 - 16:47
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ен Хен отставкаға кететінін айтты. Ол бұл туралы бүгінгі ресми үндеуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі өз мәлімдемесінде туындаған түсінбеушілік үшін өкінетінін және барлық әскери әрекет оның басшылығымен орындалғанын растады.

"Төтенше әскери жағдайға байланысты азаматтардың әбірге түсіп, алаңдап қалғаны үшін қатты өкінемін және жауапкершілікті сезінемін, - деді ол.

Басылымның мәліметіне қарағанда, Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің отставка туралы мәлімдемесі Кореяның Демократиялық партиясының ел президентіне импичмент жариялаған тұста жасалған. Импичмент туралы заң жобасын Ұлттық жиынға енгізу жоспарланып отыр, дауыс беру аптаның соңына дейін өтуі керек.

Президенттің импичменті мақұлданса, Конституциялық сот алты ай ішінде шешім шығаруға тиіс. Осы кезеңде Юн Сок Ель қызметінен шеттетіліп, елдің уақытша көшбасшысы ретінде Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Док Су келеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow