Париж-2024: Камила Берліқаш ұтылып қалды

Тамыз 2, 2024 - 14:34
Тамыз 2, 2024 - 14:34
Париж-2024: Камила Берліқаш ұтылып қалды
Фото: Kazinform

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан әйелдер арасында аса ауыр салмақта Камила Берліқаш алғашқы белдесуін өткізді.

Ол Париждегі бірінші белдесуінде Монғолия татами шебері Адиясурен Амарсайханмен белдесіп, нәтижесінде қарсыласына жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, кешер ерлер құрамасынан татамиге қазақстандық дзюдошылардан Нұрлыхан Шархан шығып, екінші белдесуінде ұтылып қалған еді. Жалпы Париж Олимпиадасына ерлерден 5, әйелдерден 3 дзюдошы келген. Олардың арасынан Елдос Сметов чемпион атанса, Ғұсыман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені Әбиба Әбужақынова тіркеді. Ол қола медаль үшін белдесуде қарсыласына жол беріп, 5-орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар, Данияр Шамшаев (73 кг) бірінші айналымда өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевке есе жіберсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мажарстандық Аттила Унгвариден айласын асыра алмаған еді. Сонымен қатар Эсмигүл Куюлова (63 кг) бірінші белдесуде сүрінді. Осылайша, қазақ дзюдошылары Олимпиада ойындарын 1 алтын, 1 қола медальмен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow