Парижге ұшқалы тұрған ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді

Тамыз 26, 2026 - 11:37
 0  18
Парижге ұшқалы тұрған ұшақ әуежай қызметкерін қағып өлтірді
Фото: Видеодан скрин

Канаданың Монреаль қаласындағы Пьер Эллиот Трюдо атындағы халықаралық әуежайда қайғылы оқиға болды. Парижге ұшуға дайындалып жатқан French Bee әуе компаниясының ұшағы кері қозғалу кезінде әуежай қызметкерін қағып кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 24 тамыз кешінде болған. Зардап шеккен қызметкер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, кейін алған жарақатынан көз жұмды.

Әуежайды басқаратын Aéroports de Montréal компаниясы марқұмның отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Тергеуді Канаданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік даму министрлігі жүргізуде.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0