Павлодар тұрғыны аязда қалып қойған қос аққуды құтқарды (ВИДЕО)
Аққулардың бірі мұзға жабысып қалып, сыңары жанында қалып қойған. Құстардың әбден әлсірегені байқалады, деп жазады sadaq.kz.
Павлодар өңірінің тұрғыны Бауыржан Жақыпов жылы жаққа ұша алмай қалған қос аққуды құтқарып, үйінде қыстатып жатыр. Оларды сықырлаған сары аязда көлдегі мұз үстінен тауып алған.
— Аққудың аналық сыңары мұзға жабысып қалып, аталық аққу соны күтіп жылы жаққа ұшып кетпей, қасында қалған. Әбден жаурап, әлсіреген. Аязда үйге алып келдік, - дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Жақыпов.
Видеодан байқалғандай, жылы үйге кірген аққулар, қалғып-мүлгіп ән тыңдап отыр.
Әншілігі бар, түрлі аспапта ойнайтын өнерлі азамат мал шаруашылығымен айналысады.
— Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылдық аумағында тұрамын. Аққуларды Сұлусор деген көлден құтқардық. Қазір жағдайлары жақсы, түрлі дәндермен қоректенеді. Жақын күндері облыс орталығына апарып, құстарды қарайтын клиникаға көрсетіп алмақпын. Оларды биыл қыста өзімізде қалдырамыз деп шештік. Қыстақта екінші үй бос тұр, соны жылытып, құстарды сонда ұстаймыз, - дейді Бауыржан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0