Павлодардағы ағайынды балалардың зорлану оқиғасы: Анасы қызының айтқанына сенбеген
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Павлодар облысының әкімі Майқайыңдағы әпкесі мен інісінің зорлану дерегі жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкім 2023 жылы баларды зорлаудың 30 дерегі тіркелгенін мәлімдеді. Оның 25-і отбасында орын алған. Ал Майқайыңда орын алған жағаұстатарлық дерекке қатысты пікір білдірген ол мұндай жайттар ересектердің салғырттығынан болады дейді.
"Қыз анасы және өгей әкесімен тұрған. Болған жағдай туралы туған әкесіне айтыпты. Ата-анасына екі жыл бұрын айтса да, олар еш шара қабылдамаған. Ешқайда жүгінбей, тіпті баласы айтқан соң мұны тексермеген де. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болып тұрады. Балалар бұл туралы айтудан қорықпау керек. Мемлекеттік органдар мен қоғам осындай деректердің алдын алу үшін бірге жұмыс істеуі қажет", – деп айтты брифинг барысында.
Айта кетейік, Павлодар облысында кәмелетке толмаған колледж студентінің зорлау фактісін тергеу кезінде оның мектепте оқитын інісінің де зорланғаны анықталған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?