Перизат Қайрат 10 жылға сотталды
Ал анасы 7 жылға сотталды.

Қайырылымдылық ақшасын жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот шешімі жарияланды, деп хабарлады sadaq.kz.
2025 жылдың 4 сәуірінде Перизат Қайраттың анасы Гайни Алашбаева үй қамаққа алынған болатын.
Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде, адамдар тобы болып жасаған алаяқтық) және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.
Тергеу барысында анықталғандай, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат түрлі қайырымдылық акциялары арқылы жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жинап, оны өз пайдасына жаратқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?






