Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Маусым 30, 2025 - 15:51
app_badging Маусым 30, 2025 - 16:06
chat_bubble  0 visibility  38
Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жібергенін хабарлады.

"Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруғаны үшін айыпталып отыр", - делінген хабарламады. 

Бұған дейін Жоғарғы сот Перизат Қайраттың сотын тікелей эфирден көрсету мәселесін қарастыруға дайын екенін хабарлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0