Петропавл қаласында 62 жастағы тұрғын суға батып кетті

Маусым 23, 2026 - 16:20
 0  9
Петропавл қаласында  62 жастағы тұрғын суға батып кетті
Фото: pixabay

Петропавл қаласында көлде шомылып жүрген қала тұрғыны суға батып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жазатайым оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті түсініктеме берді.

«21 маусым күні Петропавл қаласындағы Пестрое көлінде шомылу кезінде облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0