Петропавлда ер адамды әйелі теледидар пультімен ұрып өлтірді
Петропавл қаласында әйел адам сүйіктісін теледидардың пультімен ұрып, өліміне себепкер болды. Бұл деректі полиция өкілдері растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ішімдік ішкен ерлі-зайыптының арасында жанжал туындаған. Ер адам әйелге күш көрсеткен соң, қолына теледидар пультін алған әйел ер адамның басынан бірнеше рет соққы жасаған.
Оқиға кезінде үйде қонақта болған 35 жастағы танысы болғаны анықталды. Әйел ер адамды ұрып-соққан соң, екеуі ішімдік ішуді жалғастырған. Тек келесі күні ғана олар ер адамның жағдайы ауыр екенін және медициналық көмек қажет екенін түсінген.
Аурухана дәрігерлері шамамен екі апта бойы науқастың өмірі үшін күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
«Полиция Петропавл қаласының 52 жастағы тұрғынының өліміне әкеп соққан, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиға 7 ақпанда жеке үйлердің бірінде болған. Күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда», – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0