Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлады
Петропавлдағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 18 жастағы оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқу орны бұл ақпаратты растады. Оқиға 17 ақпанда болған. Жасөспірім үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оқушыны бірден көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас бел омыртқасы мен қос өкшесінің қатты ауырсынуына шағымданған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушыға кешенді тексеру жүргізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған келесідей алдын ала екінші бел омыртқасының үшінші дәрежелі жабық компрессиялық сынығы және екі өкше сүйегінің де жабық сынығы деген диагноз қойылды.
«Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Барлық қажетті емдік-диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0