Пітір садақа мөлшері белгілі болды

Ақпан 12, 2026 - 10:31
Ақпан 12, 2026 - 10:31
 0  2
Пітір садақа мөлшері белгілі болды
Фото: mazhab.kz

Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пітір садақаның мөлшерін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Сондай-ақ мүфтият Рамазан айының 2026 жылы 19 ақпанда басталатынын ресми түрде жариялады. Ал ҚМДБ мәліметінше, пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекітілді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы пәтуа кеңесінің шешімі мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін ескере отырып, ортақ шешім қабылдадық. Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – Ораза айт мерекесі», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

2026 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:

Бидай 2 кг – 318 теңге.

Ұн 2 кг – 735 теңге.

Арпа 4 кг – 514 теңге.

Мейіз 2 кг – 6400 теңге.

Құрма 4 кг – 12400 теңге.

Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын ұнмен есептеуді негізге алады. Өйткені шариғатта бидаймен қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат етіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0