Олжас Бектенов бюджет қаражатын тиімді пайдалануды тапсырды

Тамыз 26, 2025 - 12:14
 0  32
Олжас Бектенов бюджет қаражатын тиімді пайдалануды тапсырды
Фото: gov.kz

Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын мақұлдады. Олжас Бектенов шығындарды қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды.

«Республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілген. Барлық мемлекеттік органдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы пайдалану, сондай-ақ шығындарды қатаң бақылауда ұстау маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет Аппаратымен бірлесе отырып заң жобаларын Парламентке 1 қыркүйекке дейін енгізу тапсырылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0