Президент: Арасында Көкшетаудың балмұздағын аламыз

Бүгін ол Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады

Қыркүйек 16, 2025 - 16:21
Қыркүйек 16, 2025 - 16:49
Президент: Арасында Көкшетаудың балмұздағын аламыз
Фото: ғаламтордан скриншот

Бүгін Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың шаруалары өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көрмеге шаруалар өздері өндіретін жартылай фабрикат, консервілер, ет, сүт және нан өнімдерін қойған.

Көкшетау сүт зауытынан шығатын өнімдердің жанына келгенде Тоқаев балмұздақты ұстап көріп, пікірін айтты.

«Осы жерден сатып аламыз. Анда-санда Көкшетау балмұздағын аламыз. Эскимо жақсы, дәмін татып көргенмін», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Ақмоладағы егін алқаптарын аралаған президент егіс алқабындағы жұмыстарды уақтылы аяқтап, астықты дер кезінде жинап алу қажет деген еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow