Президент Колумбия халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.
Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0