Президент Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» атануымен құттықтады

Тамыз 16, 2026 - 13:53
chat_bubble  0 visibility  0
Президент Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026»  атануымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy – 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп жазады Sadaq.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 16 тамызда ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады:

"Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды".

Бұған дейін Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы ("Лабақ батыр") қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алтын белбеуді жеңіп алды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0