Прокурор блогер Жанәбіловтерге қандай жаза қолданылатынын айтты

Наурыз 16, 2026 - 16:42
 0  14
Прокурор блогер Жанәбіловтерге  қандай жаза қолданылатынын айтты
Фото: Курсив медиа

Прокурор блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаевтың айтуынша, блогерлерге қомақты айыппұл салынуы мүмкін. 

“218-баптың 2-бөлігінің санкциясында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Теориялық тұрғыдан алғанда айыппұл тағайындау да мүмкін. Бірақ оның көлемі өте үлкен болады 7 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін. Бұл шамамен 1 миллиард теңге көлеміндегі айыппұлға тең. Теориялық тұрғыдан айыппұл тағайындау мүмкін. Бірақ бұл соттың шешімі”, – деді Хайруллаев.

Прокуратура өкілінен айыптаушы тарап бас бостандығынан айыру жазасын талап ете ме деген сұрақ қойылды.


“Әзірге білмейміз. Іс материалдарының барлығы зерттеліп болған соң және жарыссөз кезеңінде біздің ұстанымымызды естисіздер", – деді ол.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0