Ресми: Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болады деген сыбыс рас болып шықты

Ақпан 26, 2024 - 16:03
Ақпан 26, 2024 - 21:25
Ресми: Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Құлыбаевтың орнын Головкин басуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Ұзамай бұл дерек расталып, Олимпиада комитетінің президенті лауазымына боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылғанын растайтын құжат жарияланған болатын.

Генадий Головкин алдағы сәуір айында 42 жасқа толады. Ол бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ең соңғы рет 2022 жылы Канеломен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow