«Реал Мадрид» Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алған

Қыркүйек 30, 2025 - 17:16
«Реал Мадрид» Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алған
Фото: ФК "Реал Мадрид"

Әлемнің ең мықты клубтарының бірі саналатын "Реал Мадрид" Алматыға келген бойда бүкіл қала назарын өзіне аударды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Команданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, футболшылар InterContinental қонақүйіне жайғасты.

Алайда қонақүйге бөлме брондау мүмкін болмай қалған. БАҚ деректеріне қарағанда, мадридтік ұжым бес жұлдызды отельді түгелдей жалға алған.

Жанкүйерлер түн ортасына дейін қонақүй алдында жиналып, сүйікті ойыншыларын бір сәтке де жібермей жүргенін Telegram-арналар жарыса жариялап жатыр. Тіпті дәлізде футболшыларды қоршап, видеоға түсірген сәттер тарады.

Айта кетейік, "Реалдың" ұшуы 8 сағаттан артық уақытқа созылып, ұшақ Алматыға түнгі 00:50-де қонған.

Желіде көп талқыға түскен тағы бір сәт – Килиан Мбаппенің қонақүй асханасынан тамақ алып жатқан құпия видеосы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow