Рэпер Jay-Z-ге 13 жасар қызды P. Diddy-мен бірге зорлады деген айып тағылды

Желтоқсан 9, 2024 - 11:48
Желтоқсан 9, 2024 - 11:51
Рэпер Jay-Z-ге 13 жасар қызды P. Diddy-мен бірге зорлады деген айып тағылды

Атақты рэпер және кәсіпкер Jay-Z 2000 жылы P. Diddy Шон Комбспен бірге 13 жасар қызды зорлады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Деректерге сүйенсек, оқиға Нью-Йоркте MTV Video Music Awards марапатынан кейін кеште болған.

Jay-Z-ге арыз есімін жасырған әйелдің атынан түскен. Ол 2000 жылы, 13 жасында, Комбс (P. Diddy) және Картер оны Нью-Йорктегі MTV Video Music Awards марапаттау рәсімінен кейінгі кеште зорлағанын мәлімдеді.

Арызда оның салтанатты рәсімге билеті болмағаны айтылған. Алайда ол өзіне жолығып қалған лимузин жүргізушісіне шоуға және одан кейінгі кешке қатысқысы келетінін айтқан. Ал жүргізушілердің бірі бұл идеяның Комбсқа ұнайтынын "оның P. Diddy-дің іздегеніне сәйкес келетінін" жеткізген. Осылайша оны шоудан кейінгі кешке шақырған.

Кешке келген кезде қатысу үшін қыз құжатқа қол қоюға мәжбүр болған. Айтуынша, бұл кеште болған жайттар туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болды. Ал құжаттың көшірмесі мүлдем берілмеген. Әйелдің айтуынша, үйде атақты адамдар мен марихуана мен кокаин қолданған адамдар көп болған.

Айыптауға қатысты жексенбі күні кеште Картер мәлімдеме жасады.

"Бұл айыптаулар өте жиіркенішті. Сондықтан сіздерден азаматтық емес, қылмыстық шағым беруіңізді өтінемін! Кәмелетке толмаған адамға қарсы осындай қылмыс жасаған кез келген адам қамауға алынуы керек. Келіспейсіз бе? Бұл болжамды құрбандар. Егер оқиға рас болса, шынайы әділдік орнасын", — деп жауап берді Картер. 

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow