«Ресей Қазақстанға бұзақылармен күресуге тағы әскер жіберсе екен» – Маргарита Симоньян

Желтоқсан 26, 2024 - 16:58
Желтоқсан 26, 2024 - 17:00
«Ресей Қазақстанға бұзақылармен күресуге тағы әскер жіберсе екен» – Маргарита Симоньян

Ресейлік пропогандист, журналист Маргарита Симоньян "Эхо" радиостанциясына берген сұхбатында Қазақстан туралы арандатушы сөз айтты. Ол Қазақстанға «кейбір бұзақылармен» күресу үшін Ресей әскерін жіберуге қуанышты болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маған Украинада, Сирияда соғысуға мүмкіндік берсе, қуанышты болар едім. Бұдан бөлек, егер тағы да біреулер бұзақылармен (бармалейлер) күресу үшін шақырса, Қазақстанға да баруға дайын болар едім", – деп айтты Симоньян.

ҚазТАГ редакциясы Симоньянға "Россия сегодня" агенттігінің кері байланыс нысаны арқылы сұрақ жолдады, онда ол кімдерді "бармалейлер" деп санайтынын және 2022 жылғы қаңтар оқиғаларын қалай қабылдайтынын нақтылауын сұраған.

Симоньянның айтқан "Бармалейі" – Корней Чуковскийдің "Доктор Айболит" ертегісіндегі жауыз, тонаушы, бұзақы және каннибал кейіпкері. Мәселен, 2022 жылдың ақпан айында Қазақстан дипломаттарының Украина аумағындағы "ДНР" және "ЛНР" сепаратистік құрылымдарының тәуелсіздігін мойындамайтыны туралы мәлімдемесіне ол "рахметі жоқтар" деп бағалаған. Ол қаңтар оқиғалары кезінде ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының контингенті Қазақстанға енгізілгенін және "оларды неге құтқардық?" деп сұрақ туындайтынын айтады.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, оның мәлімдемесіне пікір білдіре отырып, пропагандистің шешім қабылдайтын адамдар қатарына жатпайтынын ескерткен.

«Тәубе, Маргарита Симоньян – сыртқы істер министрі, мемлекеттік Дума спикері, президент немесе премьер-министр емес», – деді Айдос Сарым.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow