Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек – Әзербайжан депутаты
Ұшақ Ресей аумағында Грозныйдың үстіндегі аспанда атып түсірілді, дейді ол.
Әзербайжан депутаты Расим Мұсабековтың айтуынша, Ресейде кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың орнына болған оқиға бойынша кейбіреулер "із жасыру үшін медиада белгілі бір әрекеттерді жасап жатыр", деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей тарапы Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының азаматтық ұшағын әуе қорғанысы зымыранымен құлатқаны үшін кешірім сұрауы керек, деді Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков жергілікті Turan басылымына берген сұхбатында.
– Ұшақ Ресей аумағында Грозныйдың үстіндегі аспанда атып түсірілді. Мұны жоққа шығару мүмкін емес, - делінген Мұсабековтың хабарламасында.
Депутат Әзербайжан мәжілісінің халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитетінің мүшесі.
Мұсабековтың айтуынша, Ресейде "жағдайға сәйкес әрекет етудің және кешірім сұраудың" орнына "кейбіреулер іздерін жасыру үшін медиада белгілі бір әрекеттерді жасайды".
– Мұны жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, адам өлімі мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі тиіс. Егер олай болмаса, онда қарым-қатынас, әрине, басқа бағытқа өтеді, - деді депутат.
Депутат сондай-ақ Әзербайжан тарапының "2020 жылғы 44 күндік соғыс" кезінде ресейлік әскери тікұшақтың апатқа ұшырағаны үшін кешірім сұрап, өтемақы төлеу жағдайын еске салды. Оның айтуынша, сол тұста кінәлілер жазаланған.
– Бұл өркениетті қатынастар. Егер әуе қорғанысы жұмыс істеп тұрса, онда әуежай жабылуы тиіс, мұнда ешкім ұшпауы керектігі хабарлануы керек, - деп атап өтті Мұсабеков.
Сіздің реакцияңыз қандай?