Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа тап болған жігіттер елге оралды
Бұған дейін Мейірман Шекеев алғашқы 13 қазақстандықтың әскери міндеттен босатылғанын хабарлаған еді.
Заңгер Мейірман Шакеев балалардың Қазақстанға аман-есен оралғанын хабарлап, олардың елге қайтуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне және балалардың елге оралуына көмектескен барша азаматқа ата-аналардың атынан және өз атынан ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ Мәскеу әуежайында балаларды күтіп алып, шығарып салуға көмектескен Ягүлмира мен Қуандыққа ерекше алғыс айтты.
«Бұл жай ғана қайту емес. Бұл ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, балалардың өз еліне оралуы», - деп жазды Мейірман Шакеев.
Оның айтуынша, балалардың әрқайсысының өз елінде, ата-анасының жанында болуы үлкен қуаныш.
Сонымен қатар ол құзырлы органдардан балалардың есін жиып, қалыпқа келуіне мүмкіндік беріп, әзірге оларды мазаламауды сұрады.