Ресми: Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды

Естеріңізде болса, бұған дейін Құлыбаевтың орнын Головкин басуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Ақпан 15, 2024 - 09:45
Ақпан 15, 2024 - 09:46
Ресми: Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болады деген сыбыс рас болып шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Tengri Sport сайты Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті лауазымына боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылғанын растайтын құжат жариялады. Сайттың хабарлауынша, 14 ақпан күні ҰОК Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен. Отырыста президенттікке кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралған.

"Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадьевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", - делінген комитеттің ҰОК бас ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Сонымен қатар, Қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылған. Ұлттық олимпиадалық комитет президенті қызметін Тимур Құлыбаев атқарып келеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Құлыбаевтың орнын Головкин басуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. 

Генадий Головкин алдағы сәуір айында 42 жасқа толады. Ол бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ең соңғы рет 2022 жылы Канеломен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow