Роналду мансабына қатысты мәлімдеме жасады
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін ұлттық құрамадағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Еске салайық, Португалия плей-офф кезеңінде Испанияға 0:1 есебімен есе жіберіп, турнирмен қоштасты. 41 жастағы шабуылшы осы әлем чемпионатында үш гол соғып, жарысты аяқтады.
Матчтан кейін журналистердің ұлттық құрамадағы мансабы туралы қойған сұрағына Роналду нақты шешім қабылдамағанын айтты.
«Мен асығыс шешім қабылдамаймын. Әлем чемпионатындағы команданың өнерінен жұртшылықтың назарын өзімнің жеке шешімдеріме аударғым келмейді», – деді тәжірибелі футболшы.
Айта кетейік, бұл Криштиану Роналдудың мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты болды. Ол Португалия құрамасымен үш халықаралық трофей жеңіп алғанымен, бұған дейін берген сұхбаттарында ең үлкен арманы әлем чемпионы атану екенін бірнеше рет айтқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0