Рудный қаласының прокуроры ұсталды

Қыркүйек 29, 2025 - 10:44
Рудный қаласының прокуроры ұсталды

Рудный қаласының прокуроры қамауға алынды деген ақпарат тарады. 

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, ол 20 млн теңге пара алғалы тұрған жерінде ұсталған.

Кейіннен Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, Рудный қаласының прокурорының қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. 

«Өз қатарымыздағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық жазаланатын әрекет жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ұстау шарасы ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген. Рудның прокуроры қызметін Марат Оспанов атқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow