Рудныйда көше атауларының қазақшалануына қарсы болғандардың бірі - Аманат партясының депутаты болып шықты
Рудныйда көше атауларының қазақшалануына қарсы болған депутаттың кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Рудныйда Иван Франко көшесін Әлия Молдағұлова, ал «50 лет Октября» көшесін Достық деп қайта атауға қарсы дауыс берген жалғыз адам - AMANAT партиясынан сайланған мәслихат депутаты Валерий Гирфанов. Ол - ERG құрамына кіретін құрылтайшысы «ССГПО» АҚ-ның «Горняк» ойын-сауық орталығының директоры.
Айта кетейік, бұған дейін «ССГПО» АҚ-ның бұрынғы директоры, марқұм Александр Машкевичтің жақын досы Мұхамеджан Турдахунов осы өңірде шіркеу салуға көмектескен.
Кейбір зерттеушілердің дерегінше, Александр Машкевич Филипп Голощёкиннің ұрпағы болуы мүмкін.
Еске салайық, Рудныйдағы көшелерді қазақыландыру мәселесі қызу талқыға түскен еді. Dalanews.kz тілшісі тыңдалым кезінде болған даулы оқиғалар мен қазақстандықтардың ойына қатысты шолу жасап шыққан болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?