«Сабыр сақтап күттім»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әзілкешпен бірге екенін көрсетті
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы не себепті Instagram парақшасының белсенді болмауын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Айман Талғатқызы Instagram парақшасының бұғатталғанын айтып, осы уақыт аралығында отбасына, бала-шағасына және демалысқа көбірек көңіл бөлгенін жеткізді.
"10 шақты күн бойы инстаграмсыз жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт арнадық. Отбасымызбен демалып, рухани азық алдық. Инстаның болмағаны да жанға тыныштық сыйлайды екен", – деп жазды ол.
Сондай-ақ Айман Талғатқызы парақшасын ешкім бұғаттамағанын, керісінше Instagram-ның өзі блоктағанын атап өтті. Өнер иесінің жары алдағы уақытта оқырмандарына жаңа контенттер мен жаңалықтар ұсынатынын айтып, көпшілікті өзімен бірге болуға шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0