«Сәлемін алуға жарамады»: Димашқа қарамай өткен Роза Рымбаева сынға ұшырады (ВИДЕО)

Маусым 19, 2025 - 17:42
«Сәлемін алуға жарамады»: Димашқа қарамай өткен Роза Рымбаева сынға ұшырады (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі Димаш Құдайбергенге дауыс көтеремін деп сынға қалды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеп. 

Видео сахна сыртында түсірілген.

«Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз», - деп Димаш Роза Рымбаға қарайды.

Өз кезегінде Роза Рымбаева Димаштың бұл сөзіне кейістік білдіріп, «қойшы» деп жауап қайтарады.

Роза Рымбаеваның бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшырады.

«Розаның іш тарлығы ма? Ұят болды», «Қойшы» деп өте шыққанша, бірауыз жылы сөз айтқаны мұндай әншіге тіптен жарасар еді…», «Роза апай Димашқа ренжулі ме?», «Бибігүл – аңыз апамыз, Димашқа тұрып амандасады, ал Рымбаева тіпті қарап сәлемін алуға жарамады!», «Не деген тәкаппарлық», - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash_Latvia_Dears (@dimash_latvia_dears)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow