«Салтанатұлы»: Ақтаулық блогер ұлын өз тегіне жаздырып алған (ФОТО)

Желтоқсан 17, 2025 - 17:27
 0  72
«Салтанатұлы»: Ақтаулық блогер ұлын өз тегіне жаздырып алған (ФОТО)
Фото: әлеуметтік желі

Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова жаңа туған нәрестесін өзінің тегіне жаздырып, желіні шулатты. Осыған байланысты Facebook қолданушысы Ерлан Матаев бұл жақсы үрдіс емес екенін жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.

”Бұл әлем қайда барады деген осындайда айтыла ма, ағайын?!

Қайда барып оңамыз мына түрімізбен”, — деп жазды ол.

Ал тіл маманы Назгүл Қожабек керісінше блогердің бұл ісін қолдады.

”Негізі, қызық құбылыс. Бала екі адамнан тең жаралады, тек ол анасының құрсағында, анасының бойындағы бары мен нәрін алып жетіледі. Анасының омырауын еміп өседі. Ал тегіне келгенде, «ойбай, әкесінің атын беру керек» дейміз. Сонда, әйел — тек біреуге бала өсіріп беруші инкубатор ғана болғаны ма?
Осы жағын кейде ойлап қояйықшы. Әйел тоғыз ай көтеріп, тоғыз сағат толғатып баланы тапқанда — жақсы да, өз атына жаздырғанда — бәле бола қалады екен, а”, — деп жазды Назгүл Қожабек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0