Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жайлы ақпарат – жалған

Мамыр 28, 2025 - 15:37
 0  48
Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жайлы ақпарат – жалған
Сара Назарбаева. Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. 

Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын Бейбіт Сапаралының айтуынша, Сара апамыз әлі тірі, жүйелі түрде ем қабылдап жатыр.

Айтуынша, ол кісінікі жай ауру емес – рухани ауру.

Белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралының Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына берген сұхбаты бүгін эфирге шығады. Өткізіп алмаңыздар!

Сұхбатты кешкі 19-00-де көре аласыздар.

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай тараған қауесеттерге ресми түрде жауап берген болатын.

Оның айтуынша, Сара Назарбаева қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, алайда оның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0