«Сауығып кетуін тілеп отырмыз»: Бақытжан Базарбек адам қағып кеткенін растап, мәлімдеме жасады

Тамыз 17, 2026 - 15:17
app_badging Тамыз 17, 2026 - 15:24
chat_bubble  0 visibility  2
«Сауығып кетуін тілеп отырмыз»: Бақытжан Базарбек адам қағып кеткенін растап, мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін мәлімдеме жасап, көпшілікті асығыс шешім шығармауға шақырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып, қажетті сараптамалар жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиғаның барлық мән-жайына заң талаптарына сәйкес объективті әрі әділ баға берілетініне сенім білдірді.

"Менің қатысуыммен болған жол-көлік оқиғасына қатысты көптеген болжамдар мен түрлі әңгімелерге жауап бере алмаймын және көп нәрсені жазуға да мүмкіндігім жоқ. Қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мен және жұбайым сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат бердік.Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін. Қазір мен үшін ең бастысы — зардап шеккен азаматтың өзіне, жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету. Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз. Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігерлеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіремін. Әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде түрлі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелер тарап жатыр. Баршаңызды асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырамын. Осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға рахмет!", - деді Бақытжан Базарбек.

 Еске сала кетейік, Бақытжан Базарбек басқарған Toyota көлігі жолда тұрған ер адамды қағып кеткен. Оқиғаға дейін де аталған учаскеде басқа жол апаты болып, көлік жолдағы малды қағып кеткен көрінеді. Соның салдарынан малдың өлексесі жолда қалған. Оны жолдан алып тастау үшін бір ер адам трассаға шыққан  сәтте Toyota көлігі қағып кеткен. Апат Т. Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылының маңында болған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0