«Сайқал күлкі»: Мақпал Жүнісова Қайрат Әділгерейге ұрсып тастады (ВИДЕО)

TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісованың өзіне пародия жасаған әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейге ұрысып тастаған видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Видеодан әзілкештің Мақпал Жүнісованың дауысы мен күлкісіне пародия салғанын байқауға болады. Алайда, онысы сәтсіз шыққанға ұқсайды.
"Сала алмаған соң ештеңені салмау керек. Салған соң дұрыстап салу керек! Мен сияқты күле алмайсың ба, мүлде күлме", - деді Мақпал әзілкешке.
Желі қолданушылары Жүнісованың бұл әрекетіне риза болып, түрлі пікір жазды.
"Осы Қайраттың кей қылықтары ерсі", "Мақпал апайды келемеждемеңдер!","Мақпал қатырды", "Қайрат, әзілді қоя салшы", "Сайқал күлкі дейді ма ондай күлкіні", "Жырбыңдап еді, сауап болды Қайратқа", "Мақпал дұрыс айтады", "Сайқымазаққа дұрыс айтты", деп жазды олар.
@uiat.emes
Сіздің реакцияңыз қандай?






