«Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын»: Нұрсұлтан Жақсыген 8 ай бойы алимент төлемеген

Мамыр 20, 2025 - 16:42
Мамыр 20, 2025 - 16:43
«Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын»: Нұрсұлтан Жақсыген 8 ай бойы алимент төлемеген

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, блогер Фариза Алмазова тың деректерді бөлісті. Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

”Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым”, – деді Фариза.

Одан кейін актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады.

“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow