Сенат таратылса, 10 млрд теңге үнемделеді

Қазақстан бір палаталы Парламентке ауысса, 10 млрд теңге үнемделеді, деп хабарлады tiek телеграмм-арнасы.
Парламентті қаржыландыру соңғы жылдары айтарлықтай артқан. 2015 жылы бір депутатқа орташа 70 млн теңге жұмсалса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 195 млн теңгеге жеткен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында реформа жасап, қос палаталы жүйеден бір палаталы Парламентке ауысуды ұсынды. Биыл парламентті қаржыландыруға 29 млрд теңге бөлінді, оның үштен бірі Сенатқа тиесілі.
Егер Сенат таратылып, Мәжіліс 98 депутатпен қалса, бюджет шамамен 10 млрд теңге үнемдейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






