Сенатта хиджаб киюге тыйым салатын заң талқыланды
Сенатта бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заңға түзетулер енгізу талқыланып жатыр

Бүгін Сенатта «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заңға түзетулер енгізу талқыланды, деп хабарлады sadaq.kz.
Түзетулер Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.
Түзетулер қабылданса, бұдан былай бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салынады.
"Адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін осындай ұсыныс енгізіліп отыр", – дейді сенатор Наурызбай Байқадамов.
Дегенмен, бұл талаптан келесі жағдайлар босатылады:
Қазақстан заңнамасының талаптарын орындау қажет болғанда;
қызметтік (лауазымдық немесе еңбек) міндеттерді атқару барысында;
медициналық себептермен;
азаматтық қорғаныс мақсатында;
ауа райының жағдайына байланысты;
спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін.
Сіздің реакцияңыз қандай?






