Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам президент Вучичтің отставкасын талап етті

Наурыз 16, 2025 - 11:33
Сербия астанасы Белградта мыңдаған адам президент Вучичтің отставкасын талап етті

Белградта мыңдаған адам президент Александр Вучичтің отставкасын талап етті, деп хабарлады Азаттық радиосы. 

Наразылық акциясына тек Сербия астанасының тұрғындары ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен жиналды. Көшеге негізінен студенттер шықты, оларға трактор айдаған фермерлер, мұғалімдер, байкерлер қосылды. Сербия полициясының мәліметінше, акцияға 107 мың адам қатысқан.

Бұған дейін наразыларға қарай бір көліктің кіріп кеткені хабарланған. Полицияның айтуынша, үш адам жараланған, жүргізуші ұсталған.

Сербияда наразылық 2024 жылы 1 қарашада Сербияның Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратының бетон шатыры құлағаннан кейін басталған. Содан 15 адам қайтыс болды. Наразылар қайғылы оқиға сыбайлас жемқорлықтың кесірінен болды деп есептейді. Олар Серб прогрессивті партиясы мен президент Александр Вучичтің отставкаға кетуін және ауыспалуы үкіметтің құруды талап етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow