«Шайдоровтың алтыны– елдің жетістігі емес»: Танымал жазушы мәлімдеме жасады

Ақпан 15, 2026 - 21:52
 0  1
«Шайдоровтың алтыны– елдің жетістігі емес»: Танымал жазушы мәлімдеме жасады
Фото: Сали Сабиров

Танымал жазушы Қанат Тілеухан әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісін мемлекетпен немесе Үкіметпен байланыстыруға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жазушының пікірінше, Олимпиада алған алтын – ең алдымен спортшының жеке еңбегінің жемісі.

«Михаил Шайдоровтың алтыны – елдің немесе Үкіметтің жетістігі емес. Біз әдетте спортшы Олимпиада шыңын бағындырса, оны ұлттың ұлы жеңісі деп қабылдаймыз. Ал меніңше, бұл – жеке талант пен маңдай тердің арқасында келген жеке жеңіс. Қазір бәрі құттықтап жатыр, бірақ бұған дейін көп адам оның есімін білмеді. Ол бала кезінен осы спортты таңдап, табандылықпен дайындалып, тарихи нәтижеге жетті. Біз кейде бір спортшының жетістігін өзімізге теліп алғымыз келеді. Негізі бұл жеңіспен ешкім ортақтаспау керек, тек қуанышын бөлісуге болады», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0