«Шерханға бірігіп, бір жобаны қолға алайық дедім» - Санжар Керімбай

Қазан 2, 2025 - 14:51
Қазан 2, 2025 - 14:52
«Шерханға бірігіп, бір жобаны қолға алайық дедім» - Санжар Керімбай

Дінтанушы Санжар Керімбай желіге «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзамен бірге түскен суретін жариялады. Жазбасында ол Шерханға жастарының рухын көтеретін бір жоба жасауға шақырған.

«Таңда тұрсам айналам у-шу. Бүкіл ел шулап жатыр екен. Не болды дим ғой осынша дүрлігіп. Сөйтсем Мадридте тұратын Мбаппе есімді бір қара бала РЕАЛ деп аталтын допқұмар достарын Алматыға ертіп келіп, біздің Шерхан атты 18 жасар балаға ұялмай-қызармай 11 жігіт боп жабылыпты.

Сөйтіп 90 минут шабуылдап 5 соққы беріп құлатып кетіпті. Енді соны естіп ап ал нервім ойнасын. Содан бүгін Шерхан екеуміз  жолықтық.
Қазақ жастарының рухын көтеріп, қайратын қайрай түсетін бір жобаны қолға алайық. Сен қақпаға доп өткізбе, біз елге жалған ілім өткізбеу жағын қолға алайық. Сен футболмен жастарды спортқа құштар қыл, біз кітаптармен жастарды өмірге құштар қылайық дедім.

Азамат қой біздің Шерхан. Болды, аға, жастарды салауатты өмірге мен, мағыналы өмірге сіздер үгіттеңіздер деп маған үн қосты. 
Шерхан, есейген кезіңде Мбаппең бір гол соға алмай, пұшайман болсын. Алматыға жердің үстімен келген Мбаппе, Мадридке жердің астымен қайтатын болсын дедім.

- Болды, Санжар аға! Қолдан келгенді жасаймыз!!!-деп уәде берді жаужүрек қақпашы. Селге сел қосылса жұт болады, елге ел қосылса ҚҰТ болады деген. Міне допқұмар жастар мен кітапжазар үлкендер осылайша бір нүктеде тоғысты. Жастар алға! Үміт сендерде!!!!», - деп жазған Санжар Керімбай өз жазбасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sanjar Kerimbay (@sanjarkerimbay)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow