Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

Бүгінде 11 күдікті ұсталды.

Қазан 31, 2024 - 14:28
 0  194
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?
фото: kursiv.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Талғар ауданындағы адам өліміне тоқталайын. Іс бақылауда. Күдіктілер ұсталып, оларға айып тағылды. (Марқұм Шерзат Болаттың) әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. Үйді өртеу дерегі бойынша іс тергеліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында. 

Айта кетейік, биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0