Шерзат пен ағасының өлімі және үй өртеу ісін Бас прокуратура бақылауға алды

Желтоқсан 13, 2024 - 11:46
 0  108
Шерзат пен ағасының өлімі және үй өртеу ісін Бас прокуратура бақылауға алды

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Алматы облысының прокуратурасының мәліметінше, Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.

Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз, - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0