Шетелде халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Тамыз 11, 2025 - 10:53
Шетелде халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Reuters

Шетелде халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. 

 Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлады sadaq.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, күдікті 2025 жылдың 10 тамызында Таяу Шығыс елдерінің бірінде қолға түскен. Оны ҰҚК қызметкерлері Қазақстанға жеткізген.

Қазір ол ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow