«Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар: Громотуха және Уба – Риддер, Бұқтырма, Хамир, Черновая – Алтай ауданы, Бұқтырма – Катонқарағай ауданы, Кендірлік – Зайсан аудандары. Қауіпсіздік мақсатында сел жүру қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары, сырғыма жүру қаупі бар учаскелерде 18 қалқан орнатылды. Жергілікті атқарушы органдарға, қауіпті учаскілерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне ескерту парақшалары таратылды», — делінген хабарламада.