Шымкент әкімі Берденовке қатысты алғаш рет пікір білдірді
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz
Брифинг барысында журналистер әкімнен әлеуметтік желі қолданушылары оны оқиғаға қатысты үндемей, «қаталдық көрсетті» деп айыптағанын еске салды. Алайда Сыздықбеков бұл пікірлермен келіспейтінін ашық айтты.
«Бұл жерде қаталдықтың не қатысы бар? Әкім ретінде мен қылмыстық немесе әкімшілік іс жүргізулерге араласа алмаймын. Ол – арнайы органдардың жұмысы. Сот шешім шығарды, тергеу жүрді. Егер мен пікір білдірсем, процестің өзіне кедергі келтіруім мүмкін еді. Сондықтан ештеңе айта алмадым. Ал хейт болды дегенге келіспеймін. Бір-екі адамның жазғаны жалпы халықтың пікірі емес», – деді ол.
Әкімнің айтуынша, Шымкентте 2 миллионнан астам тұрғын бар, әрқайсының түрлі оқиғаларға қатысты өзіндік көзқарасы болуы – қалыпты жағдай.
«Әркез бірдеңе жазатындар табылады. Уақыты бар адамдар көп. Сондықтан “хейт болды” дегенді мойындай алмаймын. Қауіпсіздік күшейтілді, арнайы полиция бөлімдері күзетте тұр. Барлығы тиісті деңгейде ұйымдастырылған», – деп сөзін қорытындылады Сыздықбеков.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0