Шымкентте 24 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

Маусым 23, 2025 - 14:50
Маусым 23, 2025 - 15:04
Шымкентте 24 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді
Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте 24 жастағы қала тұрғыны үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Sadaq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза өзінің алғашқы жүктілігінде екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелген.

Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын дүниеге келген, бастапқыда жағдайлары ауыр болған. Олар біраз уақыт аппараттың көмегімен тыныс алып, жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болған.

"Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосып, ана сүтімен қоректене бастады. Қазір анасы мен үшемнің жағдайы жақсы", - делінген хабарламада.

Жаңа туған нәрестелерге Мұстафа, Мұса, Хадия есімдері берілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow