Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тарады

Желтоқсан 29, 2025 - 10:24
chat_bubble  0 visibility  216
Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тарады

Шымкентте полиция бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тарады, деп жазады sadaq.kz.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, ол 20 миллион теңге көлемінде пара алып жатып ұсталған. 

"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының бастығы 20 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде қолға түскен. Арнайы операцияны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері жүргізген. Ресми деректерге сәйкес, аталған лауазымды қазіргі уақытта полиция полковнигі Батыр Мырзагелдиев атқарып отыр", - деп жазған дерек көзі. 

Құқық қорғау органдары әзірге істің өзге мән-жайларына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.


 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 2
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0