Шымкентте сібір жарасы тіркелді: науқастар жануар етімен байланыста болған

Шымкентте Сібір жарасы дертіне шалдыққан үш жағдай тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ауру жұқтырған екі жасөспірім мен бір ересек адам өз бетінше Шымкенттегі ауруханаға жүгініп, онда оларға диагноз расталды.
Дәрігерлердің айтуынша, жұқтыру қырылған жануарлардың еті және ішкі мүшелерімен байланыстан кейін болған.
Науқастармен байланыста болған 15 адам дәрігерлердің бақылауында болды. Олардың арасында ауру тіркелмеді.
«Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тиісті қызметтермен бірлесіп кешенді эпидемиологиялық және ветеринариялық-алдын алу шаралары жүргізілді. Сібір жарасына күдік тудырған ірі және ұсақ мал еті арнайы *Беккари* шұңқырында жойылды», – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.
Аурудың алдын алу үшін қауіп тобына кіретін 587 адамға екпе жасалды.
ДСЭК дерегінше, Шымкентте бұрын топырақтан сібір жарасы қоздырғыштары анықталған сегіз стационарлық қолайсыз пункт пен тоғыз мал көметін орын бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






