Сирия: көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің қабірін өртеп жіберді

Желтоқсан 12, 2024 - 10:33
Сирия: көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің қабірін өртеп жіберді

Қарулы топ Латакия провинциясындағы Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың әкесінің қабірін өртеп жіберді, деп хабарлады Әшкере телеграм-арнасы. 

"Бетперде таққан бір топ адам Сирияның бұрынғы президенті Хафез Асадтың кесенесін өртеп жіберді. Дәл осы жерде оның әйелі мен үлкен ұлы Басил жерленген", - деп жазады Аннахар газеті.

Хафиз Асад 1963 жылы Сирияда Баас партиясының билікке келуімен саяси сахнада көріне бастады. 1966 жылы әскери төңкерістен кейін қорғаныс министрі болып тағайындалды. Оның басшылығымен Сирия 1967 жылғы алты күндік соғысқа қатысты, бірақ бұл соғыста Израильге қарсы жеңіліске ұшырады. 1970 жылы Хафиз Асад тағы бір төңкеріс арқылы билікті қолға алып, 1971 жылы президент болып сайланды.

Асадтың билігі кезінде Сирия авторитарлық басқару жүйесіне көшті. Асадтың сыртқы саясатындағы басты мақсаты Израильге қарсы күрес және Палестина мәселесін қолдау болды

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow