Сыртқы істер министрлігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефондары іске қосылды.

Маусым 13, 2025 - 10:43
Сыртқы істер министрлігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасады. 

"Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды", – деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Сондай-ақ, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері ашық.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

2025 жылғы 13 маусымға қараған түні Израильдің Әскери-әуе күштері (ӘӘК) Иранға соққы жасады. Израиль елде төтенше жағдай жариялап, әуе кеңістігін жапты. Бұған қоса, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның ядролық бағдарламасына бағытталған "Халық - арыстан" атты арнайы операция басталғанын растады.

Иран әскери өкілі Израильдің әуе шабуылдарына Тегеран қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow